70 — Маэстро Әли Алпысбаевқа

0
30

Біздің елде кім білмейді Әлиді,
Бар талантты беріпті оған тәңірі.
Әлдиіндей ақ әженің мейірімді,
Сазды әуені ұйықтатар сәбиді.

Шымкенттен, Алматыдан білім ап,
Музыканың барлық тілін біліп ап.
Дирижерлық, сазгер және ұстаздық,
Бойында бар көп қасиет бес аспап.

Қазақ, орыс, қытай, кәріс, якутты,
Тамсандырды сазды әуені жақұтты.
Европа бар талантын мойындап,
Аттай қалап Америка шақырды.

Үлкен-үлкен қалаларда, әлемде,
Музыканың тілін ұғар бар елде.
Форумдар мен фестивальға
қатысқан,
Үлкен құрмет көрсетілді Әлиге!

Атақтардың бәрі сізге лайықты,
Парасатты болмысың бар байыпты.
Мақтауға сай еңбегіңді бағалап,
Жазған адам болмас сірә айыпты.

70 жасың құтты болсын жүзге жет,
Және-және көрсетілсін зор құрмет.
Жетісудың бағы үшін туылған,
Сіздей жанның бар болғаны
керемет!

Сембек ӘБДІ-РАХМАН,

«Алатау» газетінің тілшісі