ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС
Жансүгіров ауылында тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған шара барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды.
Акцияға
прокуратурасының прокуроры Әлішер Әкім, Жетісу облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Салтанат Сарсенбаева және аудандық мекемелер мен бөлімдердің басшылары қатысты.
Кездесу кезінде тұрғындарға заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық қорғау жолдары және мемлекеттік органдарға өтініш беру тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар көпшіліктің жеке мәселелері тыңдалып, нақты жағдайларға байланысты құқықтық кеңестер берілді.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың заң саласындағы білімін арттырып, өз құқықтарын дұрыс пайдалануына мүмкіндік жасау. Мамандардың тікелей кеңесін алу азаматтарға мәселенің шешу жолын нақты түсінуге де септігін тигізеді.
Құқықтық сауат – күнделікті өмірде қажет дағды. Өз құқығын білетін азамат заң талаптарын да дұрыс түсініп, қажет жағдайда оны қорғаудың тиімді жолын таба алады.
Өз тілшіміз
Ақсу ауданы
