Текелілік тұрғындарды көптеп тартуға талпынудамыз

0
32

Спорттың адам денсаулығына оң әсері дау туғызбайды, ол әлдеқашан дәлелденген. Бұқаралық спорт кең қанат жайған сайын ұлт болашағына да сенімді боламыз. Дені сау әрбір тұрғын мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қоса алады. Сол себепті бұл мәселе басымдыққа ие болып отыр. «Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі» деген тұжырым да негізсіз емес. Өйткені спорт адамға сергектік сыйлап, денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады. Оған қоса салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмас тәсіл. Біздің елімізде де спортқа көңіл бөліп, бұл саланы мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді. Бұқаралық спорт деген атауы айтып тұрғандай, алдымен тұрғындарымыз барынша көбірек қамтылу қажет.

Текелі қаласында да бұл тұрғыда істі ұтымды ұйымдастыра отырып, түрлі спорттық шаралар ұйымдастыруға барынша назар аударылып келеді. Соның ішінде, текеліліктерді бұқаралық спортқа кеңінен тарту мақсатында жастың да қарттың да қатысуға қолжетімділігі болатын спорт түрлерінен жарыстар өткізуге де баса мән берудеміз. Енді сөзіміздің дәлелді болуы үшін текеліктердің қатысумен соңғы айда өткізілген жарыстар топтамасын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Бұл іс-шаралардың бәрі дене шынықтыру мен спортты насихаттау, халықтың бос уақытын тиімді өткізуге шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайып келгенде, бұқаралық спортпен қамтылған тұрғындар қатарын көбейтуге бағытталды.
Текелі қаласында ЖШСМ-да бокстан ересектер және 2009-2010 ж.т. жастар арасында Жетісу облысының чемпионаты өтті. Жарыстың ашылу салтанатында «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Текелі қалалық филиалының басшысы Ғ.Сүлейменов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған шарада 105 қатысушы(ер) бақ сынады.
ЖШСМ боксшылары алдарына жан салмай, чемпион атанды. 2 орынға Талдықорған спорт интернатының былғары қолғап шеберлері жайғасты. Үшінші жүлделі орын Текелі қаласы ОРМБЖМ ұжымына бұйырды.
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Спорт-есірткіге қарсы» ұранымен жасөспірімдер арасында эстафета жарысы өткізілді. «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Текелі қалалық филиалының басшысы Ғ.Сүлейменов және Текелі қаласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры С.Сапиева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс тартысты, бәсекелі өтті. Жарыс нәтижесі бойынша «Қыран» командасы жеңімпаз атанды. «Толағай» командасы екінші орынға ие болса, «Жетісу» ұжымы үздік үштікті түйіндеді.
Рудничный ауылы, №7 орта мектептің спорт залында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауыл тұрғындары арасында отбасы күніне орай отбасылық эстафета жарысы өткізілді. Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының Текелі қалалық филиалының дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы М.Айтказин жарысқа қатысушыларға қауіпсіздік ережелері мен ойын ережесін түсіндіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызыққа толы өткен бәсеке қорытындысы бойынша «Барыс» командасы бас бәйгені жеңіп алды. Екінші орын «Сұңқар» командасының еншісіне тиді. 3 жүлделі орынды «Жалын» командасы иеленді.Сонымен қоса, осы орта мектепте жасөспірімдер арасында волейбол ойынынан жарыс өткізілді. Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының Текелі қалалық филиалының дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы М.Айтказин жарысқа қатысушыларға қауіпсіздік ережелері мен ойын ережесін түсіндіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир қорытындысы бойынша 7-сыныптан жасақталған команда жеңімпаз атанды. Екінші орынға 8-сынып командасы ие болды.
Текелі қаласының орталық саябағының алаңында жасөспірімдер арасында арқан тартыстан жарыс өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында Текелі қалалық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет капитаны — Жақсығұлов Мақсат Айтбекұлы мен Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының Текелі қалалық филиалының басшысы – Ғ.Сүлейменов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Білектілер мен жүректілер тайталасқа түскен бүл турнирде кермеге тартылу жарысынан Е.Балтабектің мерейі үстем болды. Екінші орынды А.Алферов жеңіп алды. Үшінші орынға А.Қайроллаев табан тіреді.
Гір тасын көтеру жарысынан А.Елеусізге тең келер ешкім болмады. Е.Балтабек екінші нәтиже көрсетіп, осы турнирдің екінші жүлдесіне ие болды. Үшінші орынға Е.Ирузаков көтерілді.
Текелі қаласы, №6 ОМ-те қала күніне орай жасөспірімдер арасында арқан тартыстан жарыс өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубының Текелі қалалық филиалының дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы – Б.Батырғалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл жарыс өте шиеленісті және қызу бәсекелестік жағдайында өтті. Жалындаған жастардан жасақталған командалар бір-біріне есесін жібермеуге талпынып, жарыстың көрігін қыздыра түсті. Дегенмен, «Жүзден жүйрік озады жарысқанда» дегендей 9 Б сыныптан жасақталған ұжымның бағы жанып, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Екінші орын 9 Ә сынып оқушыларының үлесіне тиді. Ал, үшінші жүлде 7 Ә сынып балаларына бұйырды.
Текелі қаласы, №1 орта мектебінде қала күніне орай жасөспірімдер арасында асық атудан жарыс өткізілді. «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Текелі қалалық филиалының дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы С.Торғай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сүйсінерлігі сол, жарысқа қатысушылар ұлттық спорт түріміз ретінде асық атуды жақсы меңгергендіктерін байқатты. Соның арқасында жеңімпазды анықтау оңайға соққан жоқ. Ойыншылар бір -біріне лайықты қарсылық көрсетті. Ақыры ұзаққа созылған бәсекеден кейін Ерлен Нұрдыбек жеңімпаз болып танылды. Екінші орын Алинұр Асқардың еншісіне тиді. Ал, үшінші жүлде тағы бір Алинұр Қуанышқа бұйырды.
Текелі қаласының спорт сарайында бұқаралық спортты дамыту мақсатында шинкиокушинкай каратэден балалар, жасөспірімдер, жеткіншектер және қыздар арасында Текелі қаласының ашық чемпионаты өткізілді. “Жетісу облысының спортты дамыту және бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Текелі қалалық филиалының басшысы — Ғалымжан Жансейітұлы Сүлейменов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шарада 120 спортшы бақ сынады.
Айта кету керек, бұл жарыстардың бәрінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Текелі қалалық филиалының кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Ғалымжан СҮЛЕЙМЕНОВ,

«Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту

және спорттық іс-шаралырды өткізу спорт клубы»

КММ-нің Текелі қаласы филилалының басшысы