Курсанттармен профилактикалық сұхбат өткізілді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясының 4-курс курсанттарымен машықтану алдында профилактикалық сұхбат өткізілді. Іс-шараға әскери полиция қызметкері, капитан Ж. Болатов қатысты.
Сұхбат барысында әскери тәртіп пен заңдылықты сақтау, жарғыдан тыс қарым-қатынастардың алдын алу, өзара сыйластық пен әскери әдеп нормаларын ұстану, шекара нарядындағы қауіпсіздік талаптарын орындау және мемлекеттік шекараны қорғау қағидаларын қатаң сақтау мәселелері түсіндірілді.








