Қоғамдық кеңес отырысы өтті

0
616

  Тіл сарайының мәжіліс залында облыстық қоғамдық кеңестің отырысын өткізіп, өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, жою және көму мәселелері қаралды. Бұл туралы  облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес отырысында  облыстық энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Танекеновтың және облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Б.Аденовтың есебі тыңдалды.

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесі күн тәртібінен түспеген өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын облыс аумағына 1,0 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шоғырланады, оның ішінде 440 мың тоннасы Алматы қаласының аумағынан түседі. Жалпы жиналған тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі 9 млн.тоннаны құрайды. Бұл бағытта кешенді шаралар жүргізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, соңғы 3 жылда Қарасай, Райымбек, Іле аудандарында 3 полигон жойылды. 2020 жылы 41 ТҚК сақтау және көму орны қысқартылды. 352 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ