Баспасөздегі сөз бостандығы

0
1577

Бұқаралық ақпарат күніне байланысты «Түркі тілдес журналистер қоры» ұйымдастырған вебинар өтті. Журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында жобаны Нәзия Жоямергенқызы жүргізді. Түркияның тәжірбиелі тілшісі Ибрахим Ердоған «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» туралы сөз қозғады. Вебинарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100 журналист қатысты.

Журналист адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ететін тұлға болғандықтан, Түркияда журналистикаға түскен студенттерге «журналистика негіздері» туралы пән міндетті түрде оқытылатын көрінеді. Түркия еліндегі журналистика саласы жайлы мәліметті алға тартқан Ибрахим Ердоған: «Жарияланған, жарияланатын мақалаға дәлелдеме беруге міндеттіміз. Әсіресе, сюжет берген кезде дәлелді бас- ты назарға алған жөн. Белгілі бір мекеме немесе кәсіпкерге, жай қарапайым адамға айып тағар кезде дәлелдейтін құжат міндетті түрде қарастырылу керек. «Репортеры без границ» зерттеу жобасы бойынша 180 мемлекеттің 4/3 бөлігінде сөз бостандығы толығымен немесе жартылай жоқ екен. Түркия елі 153 орында. Ата заңымызда цензура туралы заң айтылса, іс жүзінде іске аспай тұр. Яғни, 20 жылдан бері билік тарапынан қысым түскендіктен қазіргі таңда журналистердің 80 пайызы үкіметті жақтаса, 20 пайызы оппозияциялық журналистер. Сонымен қатар қаржылық қиыншылықтың орын алуына байланысты жергілікті газет саны бес жыл бұрын 2176 болса, қазіргі таңда 700-ге дейін азайған. Жарнаманың аздығы, жоғарғы билік өкілдерінен көмектің келмеуі және басты мәселе интернет сайттардың пайда болуы себеп болып тұр. Әлем бойынша сенуге болмайтын мамандық иелері саясаткер және журналист», – деген Ибрахим мырза Түркиядағы сөз бостандығы басты мәселе болып табылатынын да атап өтті.
Түркияда 2020 жылы 222 журналист түрмеге қамалса, 128 журналиске қатысты қылмыстық іс қозғалған. 274 журналист сотқа тартылған, 101 журналистің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Қазір 43 журналист түрмеде отырған көрінеді.
Ал, 2021 жылдың алғашқы үш айында 20 журналисті түрмеге қамау туралы үкім шыққан. Бұлардың көбіне саяси тұрғыдан айып тағылған.
Негізі демократиялық құндылық пен баспасөз бостандығы егіз ұғым ретінде қарастырылу керек. Интернет журналистика туралы заң күшіне енбегендіктен, интернет журналистикасының даму салдарынан қорқытушы, неше түрлі бассыздық көбейген. Себебі, ниеті теріс адамдар 100 лираға домен сатып алып, сайт ашып, біреулерді қаралау, қорқыту мақсатының көбейген.
Бір қызығы Түркия елінде, шенеунік, әкімдер тіпті Президент журналистке Алғыс хат және сыйақы бере алмайды. Тек арнайы журналистикаға қатысты қоғамды қорлар немесе жеке меншік компаниялар ғана бере алады.
Сөз соңында тәжірбиелі тілші Ибрахим Ердоған вебинарға қатысқан 100 журналисті қыркүйек айында Бурса қаласында күтетін айтты.

Ардагүл ҚҰСЫМАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ