Шавкат Рахмонов шекарашылармен кездесті

Есімі әлемге танымал UFС ережесіз жекпе-жегінің спортшысы Шавкат Рахмонов шекара сақшыларымен кездесті.
Кездесуде жекпе-жектің оғланы аталған батырымыз шекарашыларға өзінің спортқа қалай келгені туралы айтып берді. Қазіргі қазақ елінің дүниежүзілік спорттағы орнының ерекше екенін тілге тиек етті. Шекарашылардың Отан қорғау ісінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол шекарашы жауынгерлерге жылы лебізін білдірді. Ел шетіне сызат түсірмей атқарып жүрген қасиетті қызметтеріне табыс тіледі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша департаменті.