ӨҢІРДЕ ЖӨӨ ҮЛЕСІ 11,2% ҚҰРАЙТЫН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ

0
366

Өңірде ЖӨӨ үлесі 11,2% құрайтын өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша қолда бар өндірістік көрсеткіштерді кеңейту және толық қуатқа шығару жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған шаралар «Алацем», «Қайнар АКБ», «Алмаз Керамикс», «ASMA Indastrial», «SSА Feed Mills», «Майями Солар», «Суффле Қазақстан уыт зауыты», «Ақсу қант зауыты» ЖШС қамтиды. Сондай-ақ бұған дейін тоқтап тұрған «Жетісу Мажико агрокешені» кәсіпорнын іске қосу жұмыстары пысықталуда.

Облыста 29 мыңнан астам адам жұмыс істейтін, 554 өнеркәсіп кәсіпорны (оның ішінде 11-і – жүйе құраушы кәсіпорын) бар. Биыл 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы, жыл басынан бері 1,4 есе өсіммен 136,6 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар 2 есеге – 103,5 млрд теңгеге дейін артты. 2024 жылдың соңына дейін 375 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған.

Үкімет басшысы жаңа өндіріс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

Экономикаға инвестиция тартудың негізгі факторы – инфрақұрылымды дамыту бойынша қабылданған шаралар.

Биыл «Талдықорған – Үшарал» (287-615 км) және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) республикалық маңызы бар автожол учаскелері пайдалануға беріледі. Сондай-ақ «Лепсі – Балқаш көлі» (0-27 км) автожолында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жыл аяғына дейін «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автомобиль жолының 90 шақырымы асфальтпен жабылады, қалған 15 шақырымына 2025 жылғы туристік маусымға дейін төселеді. Биылғы жоспар – 182 шақырым облыстық маңызы бар жолдар мен 54 елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу. Жалпы, жыл соңына қарай облыста екінші және үшінші санаттағы 336 км жол ашылады, бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автожолдардың үлесін 93%-дан 95%-ға дейін арттырады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйін жақсартудың оң динамикасы атап өтілді. Мәселен, Жетісу облысы құрылған сәттен бастап күрделі жөндеу мен жаңасын салуды талап ететін әлеуметтік нысандар орта есеппен 50%-ға жаңартылды. Бұған қоса, жыл соңына дейін өңірде кемінде 349 мың м2 тұрғын үй салу жоспарда бар. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін 866 пәтер сатып алуға 13,4 млрд теңге қарастырылған.


ПІКІР ЖАЗУ