ШЕКАРАШЫЛАР МҰРАЖАЙ ҮЙІНЕ БАРДЫ

0
599

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне барды.

Мұражай экспозициясы үш бөлмеден тұрады – бұрынғы ас үй, балалар бөлмесі және отағасының кабинеті. Мұражай бөлмелерінде Байтұрсынұлының отбасы, достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттердің түпнұсқалары ұсынылған. Сонымен қатар, «Қырық аңыз», «Маса», «Оқулық» (үш кітап), «Тіл білімі» (үш кітап), «Баяншы», «Ер Сайын», «Бастауыш», «Жаңа астар», «Диплом» қол-жазбалары ұсынылған», «Жоқтау», «Әдебиеттану», «Тіл таным» (екі кітап) және мұрағаттық фотоматериалдар бар.
Ұлы тұлғаның соңғы күндері тұрған үйіне барған шекара сақшылары қоғам қайраткерінің ғұмыры мен еңбек жолы туралы көптеген мағлұмат алды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ