АЭС.РЕФЕРЕНДУМ.БРИКС

0
432

Қазақстанда АЭС салу туралы ұсыныстан кейін қоғам осы тақырыпты шаршамастан талқылады. Біріміз жақтадық, біріміз ақтадық, енді біріміз кейідік те « Қазақстанға керек жоқ ондай атомдық энергетика» деп қарсы болдық. Нәтижесінде елде референдум өтетін болды.

Дауыс беруге Қазақстан жұртшылығының 12 млн. халқы құқылы екені жарияланды. Референдумға бардым, дауысымды бердім. Азаматтық парызымды өтедім – деп келе жатқан мені достарым мен таныстарымның телефоныма соғылған қоңыраулары алаңдатып кетті. Сұрақтар «иә» дедің ба, әлде «жоқ» дедің ба? дегеннен басталды. Қоңырау иелерінің көбісімен шекісіп те қалдым. Көңіл әбден бұзылды. Өйткені менің берген дауысым олардың көбіне ұнамаған еді. Мен оларға ренжідім, олар маған ренжіді. Бірақ менің ренішім ұзаққа бармады. Оны дем сәтте басқа арнаға бұрып жіберген мемлекет басшысының сол күнгі журналистерге берген «АЭС — ті кім салатынын халықаралық консорциум шешеді» деген сөзі еді.
Бұл дегеніңіз АЭС-ті салуға жармасқан талай мемлекеттің үмітін үзгендей шешім еді. Басқаша айтқанда, Қазақстандағы АЭС-ті салу құқығы жеке бір ғана мемлекетке берілмейді деген мемлекет басшысының шешімі дәмелілердің үмітін үзгендей ескерту болды. Менің ойымша, әсіресе Ресейдің. Өйткені 23 қарашадағы Ресей президентінің елімізге ресми сапары кезінде күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі міндетті түрде осы болуы ықтимал.
Ел Президентінің шешімін Қазақстан Үкіметі қолдап, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр «АЭС сөзі нысан деген мағынаны білдіргенмен, ол көптеген құрылымдардан құрылады. Мысалы, жобалау жұмыстарынан бастап құрылысты жүргізу,қосалқы нысандарды салу, жаңа технологиямен жабдықтау, тағы да басқа жұмыстармен осы бағытта жоғары көрсеткіштерге ие болған елдер таңдалады» — деп түсіндірді.
Қазақстан мемлекетінің басшысы елінің тәуелсіздігі мен дербестігін тағы бір маңызды мәселеде көрсете білді. Бәрімізге белгілі, 23 қазанда мелекет басшысы Ресейдің Қазан қаласында өткен БРИКС одағының жұмысына қатысты.
Айта кетейік, БРИКС одағы 2006 жылы құрылған. Аббревиатурадағы әріптер оның құрамына кірген Бразилия,Ресей,Индия,Қытай,Оңтүстік Африка елдерінің бас әріптерінен құралған. БРИКС елдері одағының құрылғандағы басты мақсаты – орта дәрежелі мемлекеттердің әлемдік державалардың үстем-дігінсіз демократиялық әділ, тең қарым-қатынас орнатып, бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету.
Бұл одақта лидерлікті қолына алған Ресей президенті ТМД елдерін БРИКСке шақырды. Олардың алдыңғы легінде халықаралың деңгейде беделі жоғары Қазақстанның мемлекет басшысы да бар. Алайда Ресей президентінің бұл ұсынысы, ықпалы бола қоймады.
Қазір мемлекет басшысы бұл ұсынысты жан-жақты сараптаумен айналысуда. БРИКС-тің Қазақстанға тиімділігі бар ма, БРИКС-тің алдағы уақытта дамуы қалай болады – деген сұрақтарға зерттеулер жүргізуде. Кәнігі саясаткер ретінде Қазақстанның президенті БРИКС-тің жұмысына қатысқанымен, мүшелікке асығып жатқан жоқ. Терең ойлайтын саясаткер мәселенің түбіне үңілмекші.
Дүниежүзілік мемлекетаралық одақтарды сараптай келе Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі 192 елдің басын құрап отырған БҰҰ-ның жұмысына жоғары баға бере отырып, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің жұмысын сынға алды. Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесін қайта реформалау қажеттігіне тоқталды.
Қазір БРИКС одағына Біріккен Араб Эмираты, Иран, Египет, Эфиопия, ТМД елдері ішінен Белорусь кірді. Аргентина әзірге қосылудан бас тартып отыр.

Баян Таңатарова


ПІКІР ЖАЗУ