Қорғаста оқушыларға арналған «Ер есімі ел есінде» ерлік сабағы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінің қатысуымен Қорғас орта мектебінің 10–11 сынып оқушылары және «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшелері үшін «Ер есімі ел есінде, ерлік сабағы» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға ел қорғау жолында ерлік көрсеткен батырлардың өнегелі өмірі таныстырылып, шекара қызметінің маңызы мен Отан алдындағы борыштың қасиеттілігі түсіндірілді. Мұндай тағылымды кездесулер жас буынның бойында патриоттық рух пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға бағытталған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
