«Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
«Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Бағдәулет Үстенов Қапшағай қаласының тұрғындарымен кездесті.
Үміткер кездесу аясында көпқабатты үйлердегі тұрғындармен жеке секторда тұратын қапшағайлықтарға партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, 7 негізгі басымдықтарды атап өтті. Қапшағайлықтар үміткерге түрлі сауалдарын жолдады. Қажетті сұрақтарына жауабын алып, алғыстарын да білдірді.
Акция қала ішінде ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде де жалғасып, белсенділер көмегімен үгіт насихаттық парақшалар таратылды.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының
Сайлау қоры қаражатынан төленді.