Ауданға газ тартылады

0
2292

 ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Данияр Әлімбаев Кербұлақ ауданындағы батыр ана, аудандық аналар кеңесінің төрайымы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ғалия Ақбасованың шаңырағына барды.

Кездесуде Ғалия Ақбасова Кербұлақ ауданының даму көрсеткіштерін сөз етті. Үміткер Данияр Әлімбаев болса «Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Алдағы бес жылда Кербұлақ ауданына газ тартылмақ. Сондай-ақ, межелі уақытта аудандық мәдениет үйлерінің ішіндегі тозығы жеткендерге күрделі жөндеу жасалып, қайта жаңғыртудан өтеді. Ал, 2022 жылы ауданда 5 өрт сөндіру бекеті құрылады. Осы сынды жоспарлармен бөліскен Данияр Әлімбаев «Nur Otan» партиясының ел келешегі үшін жасап жатқан келелі жұмыстарын да баяндады. Шыны керек, нақ істер партиясы деген атқа ие партияның соңғы жылдарда атқарған шаруасы шаш етектен. Халықтың жағдайын жасап, сол жолда аянбай еңбек ету – нұротандықтардың басты борышы. Мәселен, кешегі пандемия кезінде елдегі жағдайы төмен отбасыларға жеті дүркін 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек берді.

«Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді. Мәселен, елдегі үш ауысымдық мектептердің түбегейлі жойылуын, балабақшамен қамтуды 100 пайызға жеткізуді басты нысанаға алған. Одан бөлек, сапалы білім – болашаққа салған мықты капитал. Бүгінгі оқушы – ел келешегі десек, оларды заманауи білімге сусындату да сайлауалды бағдарламада басты тақырып болып тұр», – деді Данияр Кеңғазыұлы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» іргелі бағдарламасы жаһандану дәуірінде ұрпақтардың ұлт келешегін жарқын етуде бағдаршам болмақ. Батыр ана үміткерге сәттілік тілеп, партияның жүйелі жұмысына алғыс білдірді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.  


ПІКІР ЖАЗУ