Соңғы қоңырау дәстүрлі форматта 9 бен 11 сынып оқушылары үшін соғылады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оффлайн форматта оқып келген 9 және 11 сынып түлектері үшін 25 мамырда соңғы қоңырау соғылатынын хабарлады.
«Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беруді жоспарлап отырмыз», – деді Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында.
Рұқсат етілген іс-шара қатаң түрде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы шарт. Сондай-ақ, бетперде міндетті түрде сақталуы қажет.
Асылай САЙРАМБАЙ,
Қосан Мамытов атындағы
жалпы орта білім беретін
мектебінің 11-сынып оқушысы.
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ,
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ.