Қазақстандық өнертапқыштардан Брайль өзін өзі үйрету құрылғысы

0
1775

Қазақстандық әзірлеменің арқасында зағип жандар тек қазақ тілін ғана емес, шет тілдерін де оқып үйрене алады. Жақында «SEZUAL» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өзінің жаңа өнертабысын – зағип жандарға арналған қазақ тіліндегі Брайль өздігінен үйреткішті шрифтын ұсынды. Жаңа құрылғы туралы  «SEZUAL» маркетинг-менеджері Нұрбек ЕҢСЕБАЕВ айтып берді.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда зағиптардың сауаттылығы мәселесі қаншалықты маңызды?

– Соқырлардың 90 пайызы  Брайльде оқи алмайды. БҰҰ мәліметтері бойынша Қазақстанда 120 мыңға жуық зағип жандар бар, олардың 80 мыңға жуығы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында тіркелген. Балалық шағында соқырлар сау балалардай арнайы мектептерде оқиды. Ондай балалар шамамен 10 пайызы ғана. Қалған 90 пайызы – ересек болғанда зағип болғандар. Олар үшін арнайы мемлекеттік мектептер жоқ. Сондықтан Брайльде оқи алмайтындар өте көп. Кеш зағип болған ересектерге  Брайль өздігінен үйрену құрылғысы  баламасыз болып табылады. Брайль құрылғысы студенттерге Брайль алфавитін үш айдың ішінде үйрете алады және бұл COVID19 кезінде көру қабілеті бұзылған балалар үшін өте маңызды.

–  Сіздің өнертабысыңыздың жұмыс принципі қандай?

– Бастапқыда құрылғы тифлопедагогтардың тапсырысы бойынша жасалды. Әрі қарай, біз ресми түрде бекітілген тифло құралдарының тізімінде болған барлық құрылғыны бірлесіп зерттей бастадық. Сонда Брайль идеясын қалыптастыратын, моториканы дамытатын   құрылғылар бар екенін білдік, бірақ Брайльдің барлық символдарының тактильді электронды оқулығы жоқ екенін ұқтық. Бұл балалардың саусақ жастықшаларының әріптерді тануы автоматты болатын күйге дейін өздігінен жаттықтыру мүмкіндігі болуы үшін өте қажет. Сонымен қатар, кеш соқырлар үшін, яғни бұрын көре алған ересектер үшін, құрылғы өте ыңғайлы. Зағип ересектер үшін мекемелер мен көшелерде әртүрлі жазуларды оқи білу маңызды. Ыңғайлы болу үшін қазақ, араб, ағылшын және т. б. тілдерін таңдауға мүмкіндік бар.

Өзін-өзі оқыту құралына тест сынақтары қалай және қайда өтті. Оның нәтижелері қандай?

– Демонстрация қорытындысы бізге осы құрылғыны Нұр-сұлтан қаласының №10 мектебінде, зағип балаларға арналған сыныптарға әзірлеуді сұраған тифлопедагогтардың толыққанды жұмыс істейтін құрылғыны алғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы мектеп-интернаттың балалары пандемия кезеңінде өзін-өзі оқыту құрылғысын пайдалануға мүмкіндік алды.

– Өзін-өзі оқыту құралын жасауда сізді кім қолдады? Неліктен Tengizchevroil компаниясы демеушілік көрсетті?

– Бізге тифлопедагогтар қолдау мен бағыт берді, олардың күнделікті жұмысының арқасында зағип және нашар көретін балалардың өмірі толыққанды болып келе жатыр.

Tengizchevroil біздің жобамызды қолдау себебі оның білім беру, денсаулық сақтау және әлемдегі барлық зағип балаларға арнап масштабтау мүмкіндігі бойынша компанияның құндылықтарына жауап береді. Tengizchevroil – бұл әлемдік корпорация, ол үшін адами әлеуметті дамыту және ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін тең мүмкіндіктер жасау маңызды. Осы қолдаудың арқасында қазіргі уақытта біз аппараттардың бірінші партиясын әзірлейміз.

– Жаңа өнертабысты қалай таратуды жоспарлап отырсыз?

– Зағип балаларға арналған мектеп-гимназиялар сияқты квазимемлекеттік құрылымдар арқылы таратуды жоспарлап отырмыз. ҚР барлық қалаларының мемлекеттік кітапханалары да аппараттарды оқытуға және таратуға дайын.

– Құрылғы  зағип адамдарға қол жетімді бола ма?

– Құрылғылар бөлек даналар күйінде шығарылмайды, өйткені егер көретін адам бейтаныс құрылғыны өз бетінше қарап үйрене алса, соқыр адамды, әсіресе баланы, алдымен құрылғыны короновирустық инфекцияның қазіргі пандемиясы кезінде қолдануға үйретіп, көмекпен қамтамасыз етуі керек.

 – Атырау қаласындағы мектеп-интернаттың балаларына сіздің аппаратыңыздың көмегімен оқу қаншалықты оңай болады?

– Құрылғы балалардың саусақ жастықшалармен әріптерді, сандарды және арифметикалық белгілерді тануға үйрету үшін қажет. Бұл шынымен ұзақ процесс және тифлопедагогтардың, яки тапсырыс берушілердің  пікірінше, Брайль оқулығы  COVID-19 кезінде балалардың осы білімді игеруінде мұғалімдердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

– Сіздің болашақ жоспарларыңыз?

– Біз өзіміздің инновациямыздың көмегімен зағиптардың өмірін барынша жайлы және толыққанды етуге ниеттіміз. Бізде көру қабілеті мен тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың маңызды проблемаларын шешетін басқа да өнертабыстар бар. Мысалы, соқырларға қолмен қолтаңба қоюға мүмкіндік беретін технология, бұл көрушілер үшін, атап айтқанда заңды құжаттарды рәсімдеу кезінде бірдей мүмкіндіктер ашады. Көзі нашар көретін адамдардың тұрмыстық аспаптарды қолдана алуға мүмкіндік беретін  және тағы басқа шешімдер бар.


ПІКІР ЖАЗУ