Соңғы қоңырау дәстүрлі форматта 9 бен 11 сынып оқушылары үшін соғылады

0
1583

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оффлайн форматта оқып келген 9 және 11 сынып түлектері үшін 25 мамырда соңғы қоңырау соғылатынын хабарлады.

«Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беруді жоспарлап отырмыз», – деді  Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында.

Рұқсат етілген іс-шара қатаң түрде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы шарт. Сондай-ақ, бетперде міндетті түрде сақталуы қажет.

Асылай САЙРАМБАЙ,   

Қосан Мамытов атындағы

жалпы орта білім беретін

мектебінің 11-сынып оқушысы.

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ,

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ