Спортты серік еткен Құралай

0
36241

РЕГБИ   – футбол ойынымен бір күнде бір жылда пайда болған спорт. Қазіргі регби  — футбол мен гандбол  ойының қосындысы деуге де болады. Бұл спорттың түрі   спортшылардан қатаң тәртіп, әдептілік пен күш-қуатты  талап етеді.  Біздің   кейіпкеріміз  Құралай  Тұралықова  да регби спортын  жанына серік етіп келеді.   Осы  спорт арқылы талай жеңісті бағындырып та үлгерді.

Ол – үйдің ортаншысы, екі  әпкесі және егіз інісі мен сіңілісі бар. Аяулы анасынан айырылғалы бері  Құралай үйдегі бар жауапкершілікті де  мойнына алған. Әпкелері тұрмыста болғандықтан, үй шаруасымен қоса жекеменшік дүкендегі мәселелерді шешуді де естен шығарған емес. Талай  қиындықтың  дәмін татса да, спорттан  бір елі қол үзбеген Құралай жақында  Украина Респуб-ликасының Одесса қала-сындағы жарысқа қатысып келді.

Алғашқыда  бұл спорт түріне қызығушылықпен келсе, қазір жанына серік етіп,  биік шыңына шығуды мақсат еткен.

«Регби спорты ар-қылы әлем шарлап келемін десе болады.  Себебі, бұл спорт түрі шетелде жақсы дамыған. 2018 жылы Испанияда, яғни,  Бенидром қаласында бірінші орынды иелендік  және Туркияды « Yellow melon» турнирінде ойын көрсеттік.  Қытай елінде жарыс өтіп,  жеңімпаз атандық. Төзімділіктің арқасында осы спорт саласын жақсы меңгеріп келемін.  Болашақта регби спорт түрінен команда құрып, соның жаттықтырушысы болғым келеді»,  – дейді ол.

Қазақы болмысымен ерекшеленген Құралай жайлы құрбысы Наргиз Бекежанова былай дейді.

«Құрбымның бойында сұлулық пен зеректік өзара үйлесім тапқан. Тұла бойы мінсіз, ал спортқа деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі шексіз. Жаттығу залына уақыты-лы барып, өзінің спорттық шеберлігін үнемі дамытып келеді. Халықаралық жарыстарға қатысып, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшылардың бірі – Құралай десем қателеспеген едім. Алдағы уақытта  биіктерден көрініп, жұлдызы жарқыраса екен деймін».

Негізі еліміз бойынша  Алматы облысы регби спортынан  жоғары көрсеткіш көрсетіп жүр.  Ирина Олеговнаның  жаттықтыруымен Құралай «Олимп» командамасында ойын  көрсетіп, көк байрағымызды көкке желбіретіп келеді.

А.ӘСКЕРБЕК.


ПІКІР ЖАЗУ