ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫҢ ЖЕҢІС ТАРИХЫ ЖИНАҚТАЛУДА

Облыс әкімінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай дайындалып жатқан еңбектің басты мақсаты – кейінгі ұрпаққа жетісулық майдангерлердің ерліктерін насихаттап, олардың есімдерін мәңгілікке сақтап қалу.
Аталған жұмыстар 2024 жылдың қараша айынан бастап қолға алынған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған хабарландырулардың пайдасы тиіп, елдімекендердегі майдангерлер жайлы 58 азамат облыстық архивке құжаттарын тапсырған.Облыстық архивте мемлекеттік сақтаудағы соғыста іс-түссіз жоғалған, қаза тапқан боздақтар тізімі де қаралып жатыр.Тың ақпараттардың көмегімен жинақтың сұлбасы әзірленуде.
Бүгінде Жетісулық Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер жайлы тың деректер мен фотоқұжаттар әлі жиналу үстінде. Жалпы аталған жинақ 1000 беттік болып, мың данамен басылып шығады деп көзделген. Оған облыс бюджетінен 18 млн теңге қарастырылыпты.
Гүлнұр БАЙМҰХАН