«МИЗАМ» ӘДЕБИ МЕКТЕБІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

0
24

Жетісу өңірінің жас буынын әдебиетке баулитын жылжымалы «Мизам» әдеби мектебі құрылды. Оның алғашқы қадамы 24 ақпан күні Көксу ауданынан бастау алды.

Әдеби мектептің басты мақсаты Жетісу өңірінің 6-10 сынып аралығындағы жастарын ақындық өнерге баулу, облыстағы алғашқы ақындық мектеп қалыптастыру, жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Жас буынның өнеріне қолдау көрсету. Олардың шығармашылығының шындалуына және әдеби ортада танылуына жол ашу. Өңір әдебиетінде жаңа есімдерді қалыптастырып, ақын-жазушылардың санын арттыру көзделген.

Игі бастаманы облыс әкімі Бейбіт Исабаев қолдап отыр.Ұйымдастырушылардың айтуынша әдебиет мектебі – еліміздегі тұңғыш авторлық жоба екен.Идея авторы Мұхтар Күмісбектің айтуынша, «әдебиет мектебіне Жетісудағы 8 аудан, 2 қала бойынша барлығы 200 оқушыны қамтып, екі бағытта білім беруді көздейді. Кейіннен сабақ барысында үздік нәтиже көрсеткен 20 оқушы іріктеліп, ақтық сынға арналған шығармашылық байқауға жолдама алады».

Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ