Шекарашылар спорттық жарыс ұйымдастырды

0
19

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Қорғас” шекаралық бақылау басқармасы Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа шекара басқармасының жеке құрамы қатысып, командалар өзара мықтылықтарын сынға салды. Спорттық дода әскери қызметшілердің ауызбіршілігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.
Іс-шара соңында жеңімпаз командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ