Панфилов ауданында “Жас офицер” балы өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы мен «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында ҚР ҰҚК Шекара академиясын бітірген түлектерге арналған дәстүрлі “Жас офицер” балы ұйымдастырылды.
Іс-шара жас офицерлердің әскери қызметтегі алғашқы қадамын атап өтуге арналды. Бал барысында офицерлік антына берік болу, Отанға адал қызмет ету және мемлекеттік шекараны мүлтіксіз қорғау мәселелері айрықша атап өтілді.
“Жас офицер” балы жас сардарлардың мерейін өсіріп қана қоймай, олардың бойында патриоттық рух пен кәсіби жауапкершілікті нығайтуға ықпал етті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша депаратаменті