«Жалаңашкөл” оқиғасына арналған митинг
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты “Жалаңашкөл” шекара бөлімшесінде 1969 жылғы “Жалаңашкөл” оқиғасына байланысты митинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында шекарашылар мен жастарға тарихи оқиғаның мән-маңызы түсіндіріліп, ерлік пен елді қорғаудың асқақ үлгісін көрсеткен ардагерлердің есімі құрметпен аталды. Сонымен қатар, жиналғандар шекарашы батырлардың рухына тағзым етіп, Отанға адал қызмет етудің маңыздылығы атап өтілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша депаратаменті