Шекарашылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында жеке құраммен кездесу өткізілді. Шара барысында әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Кездесудің мақсаты – шекарашыларды тұрғын үй саласындағы жаңа заңнамалық түзетулермен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау жөнінде толыққанды ақпарат беру.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі ретінде жүзеге асырылады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша депаратаменті