Сұмдық-ай Үш баласы бар жалғызбасты ұстазды өлімге итермелеген мектеп ұжымының көздегені не?

0
16

Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылындағы ұстаздың асылып өлуге ұмтылғанына не себеп? Абырой болғанда асылған арқаннан жас ұстазды шешіп алған куәлер бар. Көкейден кетпей қойған  «асылуға не себеп болды екен ?» деген  сұраққа жауапты іздедік. Газет редакциясына келген материалдар арасында өлуге бел  байлаған жас ұстаз Гүлмира Керімбекованың  қорғаушыларының Жетісу облыстық прокуроры М.Басшыбаевқа жолдаған өтініштері де бар.Ол өтініште Гүлмираның өзіне қол жұмсау фактісі бойынша жүргізілген сот-психология сараптамасымен келіспейтіндігі айтылған. Өйткені сот сараптамасында өлуді жөн көрген Гүлмира Керімбаеваға мектеп басшылығы көрсеткен қысым,ұстаздық қызметіне себепсіз шектеу қоюы, ұстаздың жеке өміріне араласуы және  оның ар-намысына нұқсан келтірілуі,балалары туралы ащы сөздер айтылуы сараптама жүргізген сот сараптама қорытындысында көрсетілмеген. Осы себептен де Гүлмира Керімбекованың қорғаушылары  2025 жылдың 14 тамызында Жетісу облысының прокурорына қосымша сараптама тағайындауды және жәбірленуші Гүлмира Керімбековадан толық қосымша психологиялық  сот сараптама жасауды өтінген. Мәселенің немен бітері белгісіз. Бірақ көңілге бір демеу боларлығы, жәбірленуші Гүлмира Керімбаеваның ісі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдіктің  Жетісу облысы бойынша өкілі Қанат Ботанұлы Қарымсақовтың  бақылауында екендігі.  ( жалғасы бар.)


ПІКІР ЖАЗУ