«KITAP TIME — 2025» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

0
107

2025 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен республика көлемінде бір мезгілде «Kitap Time — 2025» IV жалпыұлттық кітап фестивалі аясында мерекелік іс-шара өтті.

 

Аталмыш шараға көрнекті тұлғалар — абайтанушы, философия ғылымдарының докторы, теолог Досым Қайырбекұлы Омаров, жазушы, тарихшы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәди Шәкенұлы, шоқантанушы Бағдат Ақылбеков, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым, сондай-ақ «Жетісу» газетінің бас редакторы, ақын Жұматай Оспанұлы, Жетісу өңірінің ақын-жазушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Шара барысында Қазақстан әдебиетінің таңдаулы 100 кітабы аясында Абай Құнанбайұлының, Мұқағали Мақатаевтың, Ілияс Жансүгіровтың өлеңдері оқылып, «Кейіпкерлер үн қатады» атты шағын театрландырылған қойылым ұсынылды. Сондай-ақ, жазушы Жәди Шәкенұлының «Қан кешкен ханзадалар» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапхана фойесінде кітап жәрмеңкесі, «Роботтар әлемі» робототехника көрмесі мен «Қолөнер — сырлы өнер» атты қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Нұрила НҰРБОЛҚЫЗЫ