МАЗМҰНҒА БАЙ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

0
59

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай «Үшарал жауынгерлік жасағына алпыс жыл» атты тарихи кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітаптың таныстырылымына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Марат Нарбаев қатысып, еңбектің тарихи маңызын атап өтті. Үш тілде жарық көрген кітаптың авторлары – подполковник М.Қарекенов пен ефрейтор К.Елеубаева.
Еңбекте Үшарал шекара жасағының тарихы, ардагерлердің естеліктері мен шекарашылардың ерлігі қамтылған. Бұл кітап – жас ұрпаққа үлгі, ел қорғаушылардың еңбегін дәріптейтін құнды туынды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті