БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

0
57

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына арналған салтанатты шара Үшарал қаласында, 1 қазанда сағат 09:00- де басталады. Шараға Астана қаласынан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы, құрметті генерал шекарашы ардагерлер келеді. Мерейтойға арналған шара салтанатты бөлімнен, концерттік бағдарламадан, мәңгі алауға гүл қою, әскери мұражайға баруға арналған бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар құрметті қонақтардың қатысуымен болашаққа капсуль қою салтанаты өтеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті