КІТАПХАНА — БІЛІМ МЕН РУХАНИЯТ ОРДАСЫ
Кітапхана – ұлттың рухани байлығы мен мәдени мұрасын жинақтайтын киелі орын. Ол тек кітапты сақтап қана қоймай, адамзат ойының, өркениетінің даму тарихын ақтаратын білім ордасы. Кітапхана – өткен мен бүгінді жалғайтын, болашаққа бағыт беретін рухани көпір. Мұнда әрбір кітап – түрлі тағдырларды, құбылыстарды сипаттайтын бір әлем, тарихтың куәгері.
пханашылар күні аталып өтеді. Айтулы мереке кітапхана саласында қажырлы еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі еленіп, алғыс пен құрметке бөленетін ерекше күн. Кітапханашылар – тек кітапты тіркеуші немесе сақтаушы ғана емес, олар мәдениет пен білімнің жанашырлары, оқырман мен ақпарат арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда кітапхана – тек кітап оқитын жер емес, түрлі ақпарат көздерін алуға, ізденіс жасауға, жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік беретін орта. Мұнда оқырмандар үшін әдеби кештер, шығармашылық кездесулер, танымдық шаралар ұйымдастырылып, рухани дамуға жол ашылады. Кітапханалар заман талабына сай цифрлық жүйеге көшіп, электронды ресурстармен, интернет желісімен жабдықталуда. Бұл жастардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетіп, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түседі.
Осы орайда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғали Орманов атындағы кітапханасының бас кітапханашысы Тұрсынбай Гүлдана Ғалымқызымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
– Кітапханада жұмыс істеге-ніңізге қанша жыл болды?
– Жалпы кітапханада жұмыс істеп келе жатқаныма 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап, тәжірибе жинақтап келемін. Кітапхана саласында жұмыс істеу маған ұнайды. Өйткені оқырмандарға көмек көрсету, ақпаратпен жұмыс істеу мен үшін қызықты әрі маңызды іс.
– Студенттердің кітапқа қызы-ғушылығы қаншалықты?
– Біздің кітапхана университет кітапханасы болғандықтан, негізгі оқырмандарымыз – студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар. Оқырмандардың кітапханаға келу жиілігі олардың жеке қажеттіліктеріне және оқу процесіне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен, соңғы жылдары кітапханалардың қызметі жаңарып, заманауи бағытта дамуына байланысты жастардың қызығушылығы қайта артып келе жатқанын байқауға болады. Электронды ресурстар мен интернетке тегін қолжетімділік те бұл үрдіске оң әсер етуде. Сондықтан заманауи кітапханалар жастар үшін маңызды әрі тартымды орын болып қала бермек.
– Кітапхана жыл сайын қанша кітаппен толығады? Кітапхана қорында қанша кітап бар?
– Кітапхана қорын толық-тыру жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс оқу орнының білім беру бағдарламасына, оқытушылар мен кафедралардың сұраныс-тарына сәйкес жүзеге асады. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс және гранттар аясында алынатын басылымдар да қорды толықтыруда маңызды рөл атқарады. Қорды жаңарту барысында оқырмандардың сұранысы мен кітап айналымы да ескеріледі. Бұл студенттер мен оқытушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау үшін маңызды қадам.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғ. Орманов атындағы кітапхана қорында 600 мыңға жуық кітап бар. Бұл қордың ішінде оқу құралдары, ғылыми еңбектер, монографиялар, көркем әдебиет, энциклопедиялық басылымдар, мерзімді баспасөздер мен электронды ресурстар қамтылған. Сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шет тілдеріндегі әдебиеттер де кең көлемде жинақталған. Қор үнемі жаңартылып отырады және білім алушылар мен оқытушылардың білім алу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
– Гүлдана Ғалымқызы кітапхана жайлы ақпараттары-ңызбен бөліскеніңізге рахмет. Сізді мейрамыңызбен құттықтаймыз. Білім жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
P.S. Кітапхана білім мен руханияттың қайнар көзі. Бүгінгі таңда кітапханалар заман талабына сай жаңарып, оқырман сұранысына бейімделіп келеді. Бұл бағытта еңбек етіп жүрген кітапханашылардың еңбегі ерекше. Олар тек кітапты сақтаушы емес, оқырман мен білім арнасын жалғайтын алтын көпір. Тұрсынбай Гүлдана Ғалымқызы сияқты өз ісіне жауапты, тәжірибелі мамандардың арқасында кітапхана – жастардың сүйікті ордасына айналып отыр.
Адамзаттың ғасырлар бойы жинаған білімінің, мәдениетінің, руханиятының алтын сандығы сақталған ғимарат ой мен парасаттың, ізденіс пен жаңашылдықтың, тарих пен болашақтың тоғысқан мекені. Кітапхананың қабырғасында үнсіз жатқан әрбір кітап – бір дәуірдің шежіресі, бір ғалымның өмірлік еңбегі, бір жазушының жүрек сыры. Ал сол кітаптарды оқырманға жеткізіп, рухани әлемге жол ашатын тұлғалар – кітапханашылар.
Кітапханашылар күні қарсаңында осындай жандарға алғыс айтып, еңбектеріне табыс тілейміз. Олар – руханияттың шамшырағы, білімнің бағбаны, мәдениеттің тірегі. Кітапханашыларға құрмет көрсету – рухани байлыққа деген құрметтің көрінісі.
Нұрила НҰРБОЛҚЫЗЫ