330,3 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Жыл басынан бері Жетісу облысының экономикасына 330,3 млрд теңге инвестиция құйылды. Соның ішінде 35 млрд теңгеге жуығы – шетелдік тікелей инвестициялар, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп.
Өңірде жалпы құны 2,9 трлн теңге болатын 110 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, нәтижесінде 13 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ірі жобалардың қатарында металлургия комбинатының құрылысы, германиялық «Skyhansa» компаниясымен бірлескен халықаралық әуежай салу және баламалы энергия көздерін дамыту бастамалары бар.
Биылдың өзінде 50,6 млрд теңге болатын 25 жоба қолға алынып, оның 10-ы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында іске асты.
Жыл соңына дейін облысқа тартылатын инвестиция көлемі 573 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде, соның 430 млрд теңгесі – бюджеттен тыс қаражат.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай
