«КҮЗ-2025» ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ ҚАРУ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

0
14

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» шақырылымындағы әскери қызметшілерге салтанатты түрде қару табыстау рәсімі өтті. Іс-шара барысында сарбаздарға жеке қарулары беріліп, қаруды қолдану тәртібі мен қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Бұл — олардың әскери қызметтегі жауапкершілігі артып, жауынгерлік дайындыққа ресми түрде кіріскенінің маңызды кезеңі болып саналады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті