ТАНЫМДЫҚ ТРЕНИНГТЕР ӨТТІ

0
12

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде «Күз-2025» әскери қызметшілерімен сергіту және әскери ұжымды нығайту мақсатында танымдық тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында сарбаздардың психологиялық тұрақтылығын арттыру, әскери ұжымдағы бірлік пен өзара қолдауды күшейту, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар мен топтық жаттығулар өтті.
Мұндай іс-шаралар жас сарбаздардың моральдық-психологиялық даярлығын нығайтып, бөлім ішіндегі бірлікті арттыруға ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті