ШЕКАРАШЫ АРДАГЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
13

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Басқан» шекара бөлімшесінде шекарашы ардагер, запастағы полковник Қазақпай Ертышбаевпен жеке құрамның қатысуымен мазмұнды сұхбат өтті.
Кездесу барысында ардагер өз қызмет жолынан естеліктерімен бөлісіп, шекарашы мамандығының абыройы мен жауапкершілігін жастарға кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, қазіргі буын сарбаздарына ел шекарасын қорғауда табандылық, тәртіп пен адалдықтың маңызын ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер жас шекарашылардың патриоттық рухын көтеріп, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға зор ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті