ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

0
13

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Қорғас шекаралық бақылау басқармасында ұлы ғалым, ағартушы, тарихшы және географ Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында Ш.Уәлихановтың өмір жолы, зерттеушілік еңбектері, Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлкен үлесі жан-жақты баяндалды. Оның ерлігі мен елге сіңірген еңбегі, ғылымға адал көзқарасы әскери қызметшілерге үлгі ретінде ұсынылды.
Мұндай танымдық кездесулер жеке құрамның білімін арттырып қана қоймай, ұлттық тұлғаларымызға деген құрметті күшейтіп, патриоттық сана-сезімнің дамуына ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті