АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

0
27

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде Крылов орта мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларына арналған «Жас шекарашы» үйірмесінің ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызмет барысымен танысып, мемлекеттік шекараны күзетудің жауапты да мәртебелі міндетін өз көздерімен көрді. Әскери бөлімше өмірі, қызмет тәртібі, жауынгерлік дайындық және шекарашы мамандығының маңызы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар жас буынның бойында патриоттық рух пен отансүйгіштік сезім қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты мәлімет алды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті