САРБАЗДАР НҰРДАУЛЕТ АҚЫШПЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелері мен Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің сарбаздары Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақышпен кездесті.
Аталған шара ҚР Жазушылар Одағымен жасалған меморандум аясында жүзеге асырылды. Кездесу барысында жазушы сарбаздарға ұлттық рух, әдебиеттің адам санасын тәрбиелеудегі рөлі, туған жерге адалдық пен жауапкершілік турасында мазмұнды әңгімелер айтып, жастарды білімге, мәдениеттілікке және рухани өсуге ынталандырды.
Мұндай тағылымы мол шаралар болашақта да жалғасатын болады.мәлімет алды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
