ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН САРБАЗДАРҒА ГРАНТ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

0
32

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті бастығы полковник М.Нарбаев Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Отан алдындағы мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған сарбаздарға «Сарбаз 2.0» әскери жобасы бойынша жоғары оқу орындарына грант сертификаттарын табыстады. Бұл мүмкіндік Мемлекет басшысының жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттыру мақсатында іске асырылуда.
Грант иесі атанған С.Жеңіс, Ә.Әбдірахаманов, О.Майнен, Е.Кенжебаев, Ә.Жаймағанбетовтер келер жылы М.Тынышбаев атындағы университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және ҚР Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының курсанттары атанатын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті