ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЕРМАХАН ЫБЫРАЙЫМОВ ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті жеке құрамының қазақтың танымал боксшысы, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымовпен кездесу өтті.
Кездесу барысында чемпион жеке құрамға өз өмір жолы, спорттағы шыңдалу кезеңдері мен ел намысын қорғаудағы жауапкершілік туралы әсерлі әңгімелеп, жігер мен рух беретін тәлімді ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, жастарды еңбекқорлыққа, төзімділікке және мақсатқа адалдықпен ұмтылуға үндеді. Мұндай жүздесулер әскери қызметшілердің рухын көтеріп, патриоттық сезімін нығайта түсетіні сөзсіз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
