ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

0
30

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесі Крылов орта мектебінде «Жас шекарашы» үйірмесімен бірлесіп “Калашников автоматын толық емес бөлшектеу және қайта жинауға жаттығу” тақырыбында шара өткізді.
Шара барысында оқушыларға қару құрылымы, қауіпсіздік талаптары мен оны бөлшектеу-жинақтау тәртібі түсіндіріліп, тәжірибелік түрде орындалды. Бұл үйірменің негізгі мақсаты – жас буынның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери-патриоттық сананы қалыптастыру болып табылады.
Жастарды әскери қызметке қызықтыруға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті