ПАНФИЛОФ ШЕКАРАШЫЛАРЫНА ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН САРБАЗДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында Панфилов шекара жасағының капитан Рослов бастаған заставасы Ярим мен Афридж қышлақтарының арасындағы Зардевской шатқалында торуылға түсуі салдарынан қаза тапқан 19 жауынгерді еске алу шарасы өткізілді.
Жиын барысында жауынгерлердің ерлігі, олардың әскери борышқа адалдығы мен қайсарлығы туралы тағылымды деректер айтылып, Отан үшін жанын қиған сарбаздардың рухына тағзым жасалды. Шара жас буынға ерлік пен патриоттықтың маңызын ұғындыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
