«АРАСАН» ШЕКАРА БӨЛІМШЕСІНДЕ АЙМАҚТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

0
41

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Арасан» шекара бөлімшесінде салауатты өмір салтын қолдау мақсатында волейболдан аймақтық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс әскери қызметшілердің дене дайындығын арттыру, ұжымдық бірлікті күшейту және спортты насихаттауға бағытталды. Қатысушылар өзара шеберлік байқасып, жоғары спорттық рух пен командалық үйлесімділікті көрсетті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті