ПАНФИЛОФ АУДАНЫНДА «ЖАС ШЕКАРАШЫ» ҮЙІРМЕСІМЕН САБАҚТАР ӨТТІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында «Жас шекарашы» үйірмесімен сабақ өтті. Шара барысында оқушыларға шекарашы мамандығының ерекшеліктері таныстырылып, әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы практикалық және теориялық жаттығулар көрсетілді.
Мұндай үйірме сабақтары жас буынның Отан қорғауға деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
