САРБАЗДАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕРГІТУ ШАРАСЫ ӨТТІ

0
40

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Күз-2025» шақырылымындағы жас сарбаздармен психологиялық сергіту шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сарбаздардың эмоционалдық жай-күйін нығайту, ұжым ішіндегі өзара түсіністік пен қолдауды арттыру, сондай-ақ әскери қызметке бейімделу процесін жеңілдету. Сергіту жаттығулары арнайы әдістемелер негізінде жүргізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті