САРБАЗДАР БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында сарбаздардың қатысуымен «Мен халқымның Бауыржанымын» атты батыр Бауыржан Момышұлына арналған тағылымдық шара өтті.
Шара барысында даңқты қолбасшының ерлігі, өмір жолы және әскери мұрасы туралы деректер баяндалып, сарбаздарға батырдың Отанға адалдық, тәртіп, ерік-жігер жөніндегі өсиеттері түсіндірілді. Іс-шара жас сарбаздардың бойында патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
