ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ 190 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

0
34

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында ұлы ғалым, ағартушы, тарихшы және географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, ғылыми мұрасы, зерттеушілік еңбектері мен ел тарихындағы орны туралы мазмұнды деректер айтылып, оның ұлтқа сіңірген еңбегі ерекше атап өтілді. Іс-шара сарбаздардың рухани дүниесін байытып, тарихи тұлғаларға деген құрметін арттыруға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті