Қорғас шекарашылары шағын футболдан І орынды жеңіп алды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған» Алтынкөл станциясы ұйымдастырған шағын футбол жарысында жүлделі І орынға ие болды.
Жарыс барысында команда жоғары ойын шеберлігін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Бұл жетістік жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
