Жаркентте Желтоқсан қаһармандарына арналған еске алу кеші өтті

0
19

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының қатысуымен Жаркент қаласындағы «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінде 16 желтоқсан — Желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен кездесу және қаһарман қыз Ләззат Асанованы еске алу кеші өтті.
Аталған іс-шара музей басшылығының ұйымдастыруымен өткізіліп, оған Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 74261 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты. Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, тәуелсіздік жолындағы ерлік пен қайсарлық туралы тағылымды әңгімелер айтылып, қатысушылар Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті.
Бұл шара жас ұрпақтың бойында ел тарихына деген құрметті арттырып, патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті