Жетісулық шекарашы республикалық турнирдің екі дүркін чемпионы атанды

Алматы қаласындағы ЦСКА спорт кешенінде юниорлар арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен келген командалар қатысып, олардың қатарында ҚР ІІМ академиялары (Алматы және Қарағанды қалалары), Құрлық әскерлері институты, ВИРЭС, ҚР ҰҚК Академиясы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ABROY СГО, BATYR TEAM ТЖМ, сондай-ақ 15 жекпе-жек клубының өкілдері бақ сынады.
Жарысқа ҚР ҰҚК Шекара қызметі атынан ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінен үш әскери қызметші қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Скаков Бегасыл Бақытбекұлы жекелей сында І орынды иеленіп, республикалық турнирдің екі дүркін чемпионы атанды. Ол бұл атақты алғаш рет 2024 жылы жеңіп алған болатын.
Сонымен қатар Бегасыл Скаков аталған жарыста спорт шеберлігіне кандидат (КМС) нормативін сәтті орындап, шекара қызметі әскери қызметшілерінің жоғары спорттық даярлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
