«Әйелге құрмет — қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші»
2026 жылғы 26 ақпанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінде «Әйелге құрмет — қоғамның даму деңгейінің көрсеткіші» атты ақпараттық науқан аясында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру.
Семинарға Жетісу облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі С.Ө. Байгозинов қатысып, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі-не 115-1-бап – «Сталкинг» ұғымын енгізу туралы заңға қол қойғаны атап өтілді. Заң 2025 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енді.
Жаңа бапқа сәйкес:
- адамды келісімінсіз қудалау, аңду, қалаусыз байланыс орнату немесе жеке өміріне заңсыз араласу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады;
- 200 АЕК-ке дейін айыппұл;
- 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
- 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.
Егер қудалау қорқыту, бопсалау немесе зорлық-зомбылықпен ұштасса, кінәлі тұлға өзге баптар бойынша неғұрлым қатаң жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, некеге мәжбүрлеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Қылмыстық кодекстің 125-1-бабына сәйкес, некеге тұруға мәжбүрлеу – қылмыс болып табылады.
Аталған құқық бұзушылық үшін:
- 2000 АЕК айыппұл;
- түзеу жұмыстары;
- не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген.
Іс-шара барысында қатысушыларға заң талаптары түсіндіріліп, зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен құқықтық қорғау тетіктері туралы ақпарат берілді.
Ұйымдастырушылар азаматтарды құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамауға және мұндай жағдайлар туындаған жағдайда дереу ішкі істер органдарына хабарласуға шақырады.
