БАТЫР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
22

Талдықорған қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы аналарды ұлықтауға арналған салтанатты шара өтті. Қалалық Салтанат сарайында ұйымдастырылған мерекелік жиында 11 анаға мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.

Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, ардақты аналарды құттықтап, марапаттарды табыс етті. Биыл бір ана «Алтын алқа», ал он ана «Күміс алқа» иегері атанды.
Қала әкімі өз сөзінде аналардың қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтті.
Шара барысында аналарға ақ тілектер айтылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі дәстүр аналардың еңбегін бағалап, көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»