РУХЫ БИІК ӘКЕЛЕР — ҰЛТ БОЛАШАҒЫН МӘПЕЛЕР

0
26

27 ақпан «Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп лицейі» КММ-ның алды күндегіге қарағанда әбігерлі, кіріп шығушы оқушылардан гөрі, мектепке ата-аналар көбірек кіріп жатты.

Көптің бірі болып біз де кірдік. Мектептің кіре беріс дәлізінде Құрманғазының күйі «Балбырауынға» биші қыз балалар билеп жатты. Жағалай орналасқан «Ұлттық құндылықтар мен әке тәрбиесі», «Әке — отбасының тірегі» атты дөңгелек үстел, «Мен әкеммен мақтанамын» атты суреттер көрмесі, Мәжіліс залында «Менің әкем жақсы адам» концерттік бағдарламасы, «Әкенің отбасындағы рөлі» деген тақырыпта бірнеше көріністер көрсетілді. Бұл өте тәрбиелік мәні жоғары, үлгі етерлік кеш болды.
Кеш туралы толық мәлімет газеттің келесі санында беріледі.

Сембек ӘБДІРАХМАНОВ